24.10.2019, 09:19
Жаңалықтар
Серік Ахметов қалған екі жыл жазасын шартты түрге ауыстыруын өтінді
Ол пробациялық бақылаудан уақытылы өтіп, мемлекетке келген шығынды толық өтегенін айтқан
Фото: ашық дереккөзден
Мемлекет қаржысын талан-таражға салып, жемқорлық жасады деген айыппен 10 жылға сотталып, бір жарым жылдан кейін түрмеден бостандығы шектеліп босап шыққан Экс премьер-министр сотқа өтініш білдіріпті, деп хабарлайды 31 арна.
Серік Ахметов сот алқасынан енді қалған екі жыл жаза мерзімінен шартты түрде босатуын сұрайды. Оның арызы Қарағанды сотында кеше қаралуы тиіс болған. Бірақ өтініш мемлекеттік айыптаушыларға беріліп, сот процесі қазанның 25-не шегерілді. Серік Ахметов бостандығы шектеулі болып жүрген кезінде жұрт көзіне түсе бермей, пробациялық бақылаудан уақытылы өтіп тұрған екен. Әрі мемлекетке келген шығынды толық өтедім депті Ахметов.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
