11.11.2024, 09:53
Жаңалықтар
Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан екі топ ұсталды
Олар 60 кг-ға жуық есірткі сатпақ болған
Фото: ҰҚК
Жамбыл облысында осы жылдың қазанында аса ірі көлемде есірткі тасымалдап, оны сатумен айналысқан екі топ ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен, Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында 14 кг-дан астам гашиш пен 42 кг марихуананы сатуға әрекеттенген екі Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
«Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады