$ 493.85  519.04  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында жылқы ұрлауды «кәсібіне» айналдырған қылмыстық топ ұсталды

Облыста соңғы бірнеше жылда ұрланған 3,5 мың мал иелеріне қайтарылды

Абай облысында жылқы ұрлауды «кәсібіне» айналдырған қылмыстық топты ұстады. Топ төрт адамнан тұрған анықталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күдіктілердің 50-ден астам жылқы ұрлағаны белгілі болды. Олардың бірі шаруа қожалығын басқарған. Ұрланған малды далалы жерге апарып, етін сату үшін сойып отырған.

Тірі жылқыларды КамАЗ-бен оңтүстік аймаққа, ал етті облыс базарларына апарған. Қаскөйлер қамауға алынды.

«Жалпы соңғы бес жылда мал ұрлығы 64%-ға азайды. Жыл басынан бері 419 мал ұрысы ұсталды. 65 қылмыстық топ жойылды. 3,5 мыңға жуық мал иелеріне қайтарылды. Айта кету керек, мал ұрлығы үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Серіктес жаңалықтары