Байден Трамптан Украинаға көмекті тоқтатпауды сұрамақ
Ол Трамппен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі басымдықтарын талқылайды
Президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісінің айтуынша, Байден конгресс пен Дональд Трамптың болашақ әкімшілігіне Украинаға көмек көрсетуді тоқтатпауды сұрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
АҚШ президенті Джо Байден конгреске және елдің жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың болашақ әкімшілігіне Вашингтон Украинаға көмек көрсетуді тоқтатпауын сұрайды, себебі бұл Еуропада одан да үлкен тұрақсыздық тудыруы мүмкін. Бұл туралы президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан мәлімдеді.
«Президент Байден оның мерзімі аяқталғаннан кейін Украина үшін әллі де ресурстар қажет деген дәлел келтіреді. Байден сәрсенбіде Ақ үйде кездескен кезде Трамппен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі басымдықтарын талқылайды», - деп түсіндірді Салливан.
CBS арнасына берген сұхбатында Салливан Байденнің басты хабары оның биліктің бейбіт жолмен берілуін қамтамасыз етуге деген ұмтылысы болатынын айтты.
«Голос Америки» хабарлағандай, Байден Трамппен Еуропа, Азия және Таяу Шығыс аймақтарында болып жатқан оқиғалар туралы сөйлеседі.
«Президент Байден келесі 70 күн ішінде конгреске және жаңа әкімшілікке Америка Құрама Штаттары Украинаны назардан тыс қалдырмауы керек екенін, кері жағдайда Еуропада одан да үлкен тұрақсыздық болуы мүмкін екенін дәлелдеуге мүмкіндік алады», — деді Салливан.