10.11.2024, 23:09
Жаңалықтар
«Итмұрын жинамақ болған»: ШҚО-да боранды күні таулы аймақта адасқан қарт адам құтқарылды
Тауда әлсіреп, тоңып қалған қария құтқарушыларды өзі шақырған
Фото: depositphotos.com
Шығыс Қазақстанда ТЖМ құтқарушылары қолайсыз ауа-райында адасқан қарт адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, 1954 жылы туған Өскемен қаласының тұрғыны өз көлігін тас жолдың жиегінде тастап, итмұрын жинау үшін таулы аймаққа кеткен. Бірнеше сағаттан кейін ол боранда бағыт таба алмайтынын түсініп, құтқарушыларды шақырды.
«Кинологиялық есебі бар ШҚО ТЖД іздестіру тобы тауда әлсіреген және тоңып қалған саяхатшыны тауып, оны медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем көлігіне жеткізді. ТЖМ денсаулығыңыз бен өміріңізге қауіп төндірмеу үшін қолайсыз ауа-райын үйде өткізу дұрыс екенін еске салады!», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті