$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райына байланысты тағы бірнеше облыста көлік қозғалысы шектелді

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті

Ауа райына байланысты тағы бірнеше облыста көлік қозғалысы шектелді
Фото: depositphotos.com

Абай, Жетісу, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарындағы жолдарда ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай облысында сағат 19:30-да Алматы-Өскемен автожолының 615-967 шақырым аралығында (Жетісу облысының шекарасы - Қалбатау ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жетісу облысында 19:30-да Алматы-Өскемен автожолының 585-615 шақырым аралығында (Үшарал қаласы - Абай облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жол 11 қараша күні сағат 06:00-де ашылуы тиіс.

Қарағанды облысында сағат 20:30-да Екатеринбург-Алматы автожолының 1353-1426, 1426-1446 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін, Теміртау төлемақы алу пунктінен Теміртау қаласына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Ақмола облысында сағат 20:30-да Екатеринбург-Алматы автожолының 1291-1353 шақырымы аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Жол 11 қараша сағат 08:00-де ашылады деп жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысында сағат 21:00-де Өскемен-Семей автожолының 10-103 шақырымы аралығында (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Абай облысында сағат 21:00-де ШҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты Абай облысында Өскемен-Семей автожолының 103-198 шақырымы аралығында (ШҚО шекарасынан Семей қаласына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 11 қараша кешкі сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары