11.11.2024, 02:00
Жаңалықтар
Қазақстандықтар Тәуелсіздік мерекесіне орай қанша күн демалады
Сонымен қатар желтоқсан айында кәсіби және басқа да мерекелер бар
Фото: depositphotos.com
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тәуелсіздік күні – мемлекеттік мереке. Бұл күн 16 желтоқсанда атап өтіледі. Биыл мерекелік дата дүйсенбіге түсіп тұр. Соған орай, қазақстандықтар желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне орай 16 желтоқсан күні қосымша демалады.
Нақтырақ айтқанда:
- бес күндік жұмыс аптасында - 14, 15, 16 желтоқсан демалыс күндері болады;
- алты күндік жұмыс аптасында - 14 желтоқсан жұмыс күні, 15 және 16 желтоқсан демалыс.
Сонымен қатар желтоқсан айында кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс және демалыс күндеріне қарамастан, мереке атап өтіледі.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
