$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Миын ағызғаны несі»: немересінің туған күнін есіне түсіре алмаған Баян Алагөзова көптің көңілін көтерді

Продюсер немересінің шілде айына дүниеге келгенін айтқанымен, нақты күнін есіне түсіре алмады

«Миын ағызғаны несі»: немересінің туған күнін есіне түсіре алмаған Баян Алагөзова көптің көңілін көтерді
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Отандық тележобалардың біріне қатысқан продюсер Баян Алагөзова жұртты күлкіге қарық қылды. Ол бағдарлама барысында немересінің туған күнін есіне түсіре алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бағдарлама жүргізушісі продюсерге «Немеріңіз Сәттінің қырқынан шығару күні қашан болды?» деген сауал қойды. Ал Баян Мақсатқызы бұл сұраққа нақты жауапты білмегендіктен, жүргізуші оған немересінің туған күніне қырық күн қосып тауып алуды ұсынады. Бірақ бұл ұсыныс та оның дұрыс жауап беруіне көмектеспеді. Продюсер немересінің шілде айына дүниеге келгенін айтқанымен, нақты күнін есіне түсіре алмады. Сөйтіп, сұраққа дұрыс жауап бермеді.

Баян Мақсатқызының бұл видеосы «Жібек жолы» арнасының желідегі парақшасында жарияланды. Желі қолданушылары продюсердің бұл әрекетін жеңіл қабылдап, күлкіге айналдырды. Кейбірі өздерінде де мұндай жағдайлардың жиі болатынын жазған. Ал кей оқырмандар өзі жақында ғана қызды болған продюсердің «мұндай сұрақтармен миын ашытқаны несі» деп пікір қалдырыпты. Алайда кейін видеоның астында пікір қалдыру шектелген.

Серіктес жаңалықтары