10.11.2024, 06:47
Жаңалықтар
«Шығын көлемі – 218,8 млн»: Абай облысында мал ұрлаған 18 адам ұсталды
Олардың 11-і – төрт ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі
Фото: Абай облыстық ПД баспасөз қызметі
Абай облысында мал ұрлығына қарсы күрес күшейтілді. Нәтиесінде жыл басынан бері өңірде 18 адам ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, 2024 жылдың он айында Абай облысында 94 мал ұрлығы оқиғасы тіркелген. Оның 85%-ы еркін жайылымда орын алған, бұл ұрлық қаупін айтарлықтай арттырады. Ұрлық нәтижесінде жалпы шығын 218,8 млн теңгені құрап, оның 120,8 млн теңгесі өтелді.
«Тергеу барысында мал ұрлығына қатысы бар 18 адам ұсталды, олардың 11-і 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі. Облыс полициясы мал ұрлығына қарсы күресті белсенді түрде жалғастыруда, бұл жұмыс қатаң бақылауда», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды