$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде жоғалып кеткен үш жасар бала аман-есен табылды

Полицейлер бүлдіршінді бір сағат ішінде іздеп тапқан

Семейде жоғалып кеткен үш жасар бала аман-есен табылды
Фото: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Семейде жоғалып кеткен үш жасар бала аман-есен табылып, ата-анасына табысталды. Бұл туралы Абай облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ПД мәліметінше, полиция қызметкерлері үш жасар баланың жоғалғаны туралы хабар келіп түскеннен кейін, оны бар болғаны бір сағат ішінде тауып алды.

«Полиция аға лейтенанттары Серікбосын Ермек және Айтқазы Аділ жедел және үйлесімді әрекет етіп, баланы қысқа уақыт ішінде табуға және ата-анасына қайтаруға мүмкіндік жасады. Олардың кәсіби әрекеттерінің арқасында бала аман-есен табылып, денсаулығына ешқандай зиян келмеді. Ата-анасы тәртіп сақшыларына олардың жылдамдығы мен кәсібилігі үшін алғыс білдіріп, әрбір минуттың маңызды болған осындай алаңдатарлық жағдайда, полицейлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында қайғылы оқиғадан аман қалғандарын атап өтті», - делінген хабарламада.

Полиция азаматтарға әсіресе кішкентай балаларға қатысты қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары