09.11.2024, 18:52
Жаңалықтар
Ақтауда өрт шыққан пәтерден төрт бала құтқарылды
Өрт толық сөндірілді
Фото: © istockphoto.com
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына санаулы минуттарда жетті. Үш сатылы баспалдақтың көмегімен түтінге толған пәтерден 2009, 2012, 2020 және 2024 жылдары туған төрт бала қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт толық сөндірілді», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ведомство өрт кезінде ешкімнің зардап шекпегенін мәлімдеді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді