$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысындағы тікұшақ апаты: зардап шеккендердің жағдайы ауыр

Екі адамды күйік шалған

Ақтөбе облысындағы тікұшақ апаты: зардап шеккендердің жағдайы ауыр
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Өртке оранған тікұшақтан аман қалғандар Ақтөбе қаласындағы стационарда жатыр. Олардың жағдайы тұрақты әрі ауыр деп бағаланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Науқастар ес-түсін біледі, сұрақтарға жауап береді», – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сарыжар ауылында тікұшақтың құлағаны туралы хабар 103 қызметіне 9 қараша күні сағат 11:36-да түскен. Оқиға орнына Мартөк аудандық ауруханасының жедел жәрдем бригадасы барып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Бір зардап шегуші 103 қызметі келгенге дейін көз жұмған.

«Ақтөбеге келген кезде әуежайда зардап шеккендерді екі реанимациялық бригада қарсы алды. Екі адамды күйік шалған. Олар облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта науқастар жансақтау бөлімінде, диагностикалық шаралар жүргізіліп жатыр», – деді басқарма өкілдері.

Еске сала кетсек, Ақтөбе облысында Әуе қорғанысы күштері әскери институтына тиесілі Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшу кезінде апаиқа ұшырады. Бортта үш адам болған, олардың бірі қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары