$ 492.17  522.39  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда жалдамалы пәтерден екі әйелдің мәйіті табылды

Олардың өліміне қатысты ақпарат жарияланды

Таразда жалдамалы пәтерден екі әйелдің мәйіті табылды
Фото: © istockphoto.com

Тараз қаласындағы аудандардың бірінде тоғыз қабатты тұрғын үйдегі пәтерден зорлық-зомбылық белгілері бар екі әйелдің мәйіті табылды. Қазіргі таңда полиция қылмыскерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, марқұмдардың бірі 46, ал екіншісі 54 жаста болған. Олардың біреуі Алматыдан Таразға келген. Көршілердің айтуынша, әйелдер бұл пәтерде шамамен бір жылдай тұрған, ешкіммен кикілжіңге бармаған және барлығына сыпайы қарым-қатынас көрсеткен. Алайда кімнің және не үшін оларға мұндай қатыгездік жасағаны белгісіз болып отыр. Қазір полиция күдіктіні іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына Жамбыл облыстық полиция департаментінің тергеу-оперативтік тобы мен басшылығы барды. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін қажетті барлық тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жариялауға жатпайды», – деп түсіндірді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Серіктес жаңалықтары