$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда өткен ғасырда салынған инженерлік желілер жаңартылып жатыр

Мамыр-4 шағын ауданында инженерлік желілерді салу жұмысын сапалы және белгіленген кестеге сай аяқтау тапсырылды

Алматыда өткен ғасырда салынған инженерлік желілер жаңартылып жатыр
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 1980-1990 жылдары салынған инженерлік желілер жаңартылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданын аралау барысында Мамыр-4 шағын ауданындағы инженерлік желілердің құрылысымен танысты.

Бұл шағын ауданда жаңғыртуға дейін тұрғындар 1980-1990 жылдары салынған желілерді пайдаланып келгені белгілі болды. Ал олардың 90 пайызы тозған. Биыл тамыз айында қала әкімінің тапсырмасымен Мамыр-4 шағын ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жұмыстары басталды. Жалпы ұзындығы – 12,3 км: сумен жабдықтау желілері – 6,5 км, су бұру желілері – 5,8 км. Инженерлік желілердің құрылысы биыл осы шағын аудандағы 14 өтпелі жолда өтеді.

Қазіргі таңда су бұру желісінің 2 км және сумен жабдықтау желісінің 1,5 км салынған. Жоба 750-ден астам тұрғыны бар 197 үйді қамтиды. Құрылысты келесі жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр.

2025 жылы тағы 4 көшеде – Абай даңғылы, Момышұлы, Сайын және Мұстай Кәрім көшелерінде желілер салу жоспарланып отыр.

Ерболат Досаев Әуезов ауданының әкіміне Мамыр-4 шағын ауданында инженерлік желілерді салу жұмысын сапалы және белгіленген кестеге сай аяқтауды тапсырды. Қала басшысы барлық үйді жаңа желілерге кешіктірмей, уақытылы қосу және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту белсенді түрде жүргізілуде. Осы жылдың тоғыз айында 219 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды, 27,3 км қолданыстағы желілер жаңғыртылды. 2025 жылы тағы 240 км желі салу және 48 км желіні жаңғырту жоспарланып отыр.

Осылайша, қабылданған шаралар кешені арқасында шамамен 100 мың қала тұрғыны үшін инженерлік желілердің жоғары тозуына байланысты сумен жабдықтау және су бұрудың көпжылдық мәселесі шешіледі.

Серіктес жаңалықтары