08.11.2024, 17:38
Жаңалықтар
Қар, боран, көктайғақ: демалыс күндері де ауа райы құбылмалы болады
Өңірлерде ауа райы құбылмалы болмақ
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
«Қазгидромет» РМК 9-11 қарашаға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктер болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігін солтүстік циклон қамтиды, осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: қар жауады, батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр, қар боран және көктайғақ болады.
«Елдің басым бөлігінде екпінді жел соғады, күші 15-29 м/с. 9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанып отыр», - делінген хабарламада.
Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +8-13 дейін, таулы аудандарда +5 градусқа дейін көтеріледі.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды