$ 493.85  519.04  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда мемлекеттік сатып алу арқылы 15,2 млрд теңге негізсіз жұмсалмақ болған

Антикор бағаны әдейі көтергендер туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік сатып алу арқылы 15,2 млрд теңге негізсіз жұмсалмақ болған
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда мемлекеттік сатып алу кезінде 15,2 млрд теңге негізсіз жұмсалмақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы жол құрылысының мониторингіне, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге және бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын болдырмауға белсенді араласуда. Белсенділер саны шамамен 2,5 мың адамды құрайды. Олар мемлекеттік сатып алу кезінде 15,2 млрд теңгеден астам бағаны көтеру тәуекелдерінің алдын алды.

Мысалы, Алматы қаласы еріктісінің ұсынымымен Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы жылжымалы электротехникалық зертхананың сатып алу бағасын 45 млн теңгеге төмендетті.

Түркістан облысында еріктілер балалар үйінің тәрбиеленушілерін медициналық ұйымдарға электрондық үкімет порталы арқылы бекітудің тиісті функционалы жоқ екенін анықтады.

Бұл медициналық мекемелерге ақылы негізде жүгіну қажеттілігіне әкелді.

Бұл мәселе салалық министрліктермен бірлесіп, 18 жасқа дейінгі балаларға, оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылықтағы және «заңды өкілі» бар балалар (әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілетті кәмелетке толмағандар) арасында жойылды.

«Сондай-ақ, еріктілер автожолдар құрылысын мониторингілеуге белсенді қатысады.

Абай облысында еріктілер облыстық жолды жөндеу кезінде жол белгілері болмағанына және жұмыстың барлық көлемі орындалмағанына назар аударды. Уақытылы әрекет ету нәтижесінде бұзушылықтар жойылды.

Елордада еріктінің ескертулерімен, мердігер жол салу кезінде топырақ сапасының кемшіліктерін жойған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ететін қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруда», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары