«Инвестиция жасау туралы ой салды»: Төреғалидің қарындасы бір жасқа толған қызына пәтер сыйлады
Ол қазірден бастап қамдану керек дейді
Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі қызының бірге толуына орай оған пәтер сыйлағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«1 жыл бұрын.. Жарқ етіп дүниеге сен келдің, қызым. Сене алар емеспін, зуылдап жатқан уақыт. Аллаһымның бізге берген ең үлкен бақыты, біз ұзақ күткен бақыт. Бір жыл бұрын, дәл осы күні сағат 13:05-те Алланың қалауымен дүниеге алып келдім. Сол күндердің бәрін еске алып көңілім босап отыр. Дархан екеуміздің атымыздан Даратайымызға Астана қаласынан үй сыйладық. Осы бастан болашағын ойлап, инвестиция жасау туралы Алла ой салды. Сен үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз», - дейді Фариза Төреәлі.
Ол тұңғышы өмірге келгенге дейін осындай махаббат барын тіпті білмегенін айтты.
«Аналық сезімдерді сезіндірген, жүрекке ыстық лаулаған махаббатты салып қойған, сені бізге нәсіп еткен Раббымызға сансыз мадақтар. Ең бақыттылардың қатарында болуыңды, тағдырың ең көркем түрде болуын, амандығыңды әрқашан тілеп отырамыз. Бақыт деген - сен. Махаббат деген - сен. Қуаныш деген - сен. Бір жасың, құтты болсын, жарығым!» - деді блогер.