Қарағанды облысында автобус бұзылып, 30-дан астам адам далада қалды
Полиция қызметкерлері көмекке келіп, жолаушыларды эвакуациялады
Қарағанды облысында автобус бұзылып, жолда қалған 32 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының экипажы «Алматы-Екатеринбург» автожолында 937 шақырым жерде тұрған автобусты байқаған. Жүргізушінің айтуынша автобус ауа соруын тоқтатып, жолда тұрып қалған. Автобус салонында екі жүргізушіден бөлек, 30 жолаушы болған. Оның ішінде екі бала бар.
«Экипаж жедел жұмыс істеп, құтқарушылар вахтасын шақырып, Ақсу-Аюлы ауылындағы мешітке 32 адамды эвакуациялады.
Мұнда жолаушыларға арнап ыстық шай мен демалатын орын дайындалды.
Полиция департаменті жүргізушілерден алдын-ала техникалық тексерусіз көлік құралдарымен алыс жолға шықпауды сұрайды», - делінген облыстық Полиция департаменті хабарламасында.