Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Спортшы матчқа қатысты ойын білдірді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирінің үшінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңгеннен кейін, бұл матчтың қиын болғанын, бірақ осындай деңгейдегі қарсыласты жеңе алғанына қуанышты екенін мойындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Рыбакина бұл туралы корттағы сұхбатында айтып, оның сөздерін The Tennis Letter басылымы жариялады.
«Бұл қиын матч болды. Жеңе алғаныма өте қуаныштымын. Жылдың соңын әлемнің бірінші ракеткасын жеңумен аяқтау – ерекше сезім. Оның да турнирді жеңіп алуға мүмкіндігі мол, сондықтан оған сәттілік тілеймін. Мен бақыттымын. Баршаңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Осындағы әрбір матч мен үшін біртіндеп жақсара түсті. Ұзақ үзілістен кейін бұл оңай емес», - деді Рыбакина