Астанада ауа райы қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына ауысты
Қазгидромет дауылды ескерту жариялады
2024 жылғы 7 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазгидрометтің мәліметіне сүйенсек, 6-7 қараша күндері Астанада оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа, кей кездері 30 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.
Еске сала кетейік, елордада бүгін де ауа райының тұрақсыз болуы салдарынан екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқарған болатын. Желдің күшеюіне байланысты елордалық құтқарушылар тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді. Қатты жел жағдайында жеке қауіпсіздікті сақтап, мүмкіндігінше сыртқа шықпауға және абай болуға шақырады.