Бірнеше облыста дауыл болатыны туралы ескерту жарияланды
17 мамырға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
17 мамырда Маңғыстау облысында түнде жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с.
Ақтауда: 17 мамырда түнде найзағай, жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Петропавлда: күндіз 17 мамырда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен, жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.
Көкшетауда күндіз 17 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, түнде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с.
Атырауда түнде 17 мамырда қатты жаңбыр. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 18 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шквал, жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршак жаууы мүмкін.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-100 %