04.11.2024, 15:22
Жаңалықтар
«Не сұмдық»: хеллоуин стилінде киініп, домбыра шерткен әншінің әрекеті сынның астында қалды
Әншінің әрекетін желі қолданушылары қатаң сынға алды
Фото: Видеодан скрин
Әнші Ақтоты Болшова хеллоуин стилінде киініп, домбыра шерткен әрекеті үшін сынның астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші видеосын өзінің Instagram парақшасында жариялады. Ақтоты Болшованың бұл әрекетін желі қолданушылары қолдай қойған жоқ.
«Текті ұлтымызға, асыл дінімізге, ата салтымызға кір келтіріп тұр», «Сенің қолыңда домбыра қор болды-ау», «Қасиетті домбыра ғой. Тартысыңыз керемет. Киіміңіз не сұмдық», «Ел аузында болайын деп тұр мынау», - деп жазды желі қолданушылары.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды