03.11.2024, 10:05
Жаңалықтар
Кентау тұрғындары грант алу үшін алаяққа миллион теңге берген
Полиция 5 алаяқтық дерегіне күдікті әйелді анықтады
Фото: © istockphoto.com
Кентауда бірқатар алаяқтық ісі бойынша күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында күдіктінің танысының сеніміне кіріп, Алматыдан арзан бағамен алтын бұйымдар әкелемін деп 160 мың теңге алғаны белгілі болды. Әйел алынған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Сондай-ақ полицейлер күдіктінің тағы төрт алаяқтық іске қатысы бар екенін анықтады.
Ол жәбірленушілерге қайтарымсыз грант алуға көмектесемін деп, әрқайсысынан шамамен 200 мың теңгеден алған. Жалпы шығын 900 мың теңгені құрады.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді