Ақмола облысындағы психиатриялық аурухана пациенті қашып кетті
Ер адам жақын маңдағы ауылдардың бірінен табылды

Ақмола облысындағы психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған арнайы мекемеден 50 жастағы ер адам қашып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Науқас психиатриялық есепте тұрған. Оның жоғалғанын байқаған мекеме қызметкерлері аудандық полиция бөлімінен көмек сұраған. Полицейлер ер адамды іздеуге бірден кірісті.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында олар науқастың мүмкін болатын қозғалыс бағыттарын мұқият тексеріп, жергілікті тұрғындардан түскен хабарламаларды зерттеді және жақын маңдағы елді мекендерде патрульдеуді күшейтті», - деп хабарлады полиция өкілдері.
Ер адам жақын маңдағы ауылдардың бірінен табылды. Қазіргі уақытта ол мекемеге жеткізіліп, қызметкерлерге тапсырылды. Бұл жағдайға қатысты тексеру басталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.