$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ-тан Алматыға 60 млн теңге тұратын гауһар тастар жалған құжаттармен жіберілген

Заңсыз тауарлар мемлекет меншігіне өтті

АҚШ-тан Алматыға 60 млн теңге тұратын гауһар тастар жалған құжаттармен жіберілген

АҚШ-тан Қазақстанға ойыншық түріндегі жалған құжаттармен 60 млн теңге тұратын гауһар тастар жіберілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көлік прокурорлары 100 млн теңгеден астам контрабандалық тауарларды мемлекет кірісіне айналдырған.

«Соңғы жылдары Қазақстанда контрабандаға қарсы күрестің өзектілігі арта түсуде, бұған Алматы әуежайындағы кедендік бақылау кезінде анықталған жағдайлар дәлел. Мысалы, пошталық сәлемдемелердің бірінен АҚШ-тан ойыншық түрінде жалған құжаттармен гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар табылды.

Көлік прокуратурасының талап-арызы бойынша Түрксіб аудандық соты тәркіленген жалпы құны 60 млн теңгені құрайтын зергерлік бұйымдарды мемлекет меншігіне өткізді.

Алматы көлік прокуратурасының тағы бір талап-арызы бойынша сот Түркиядан геотекстиль атын жамылып келген жалпы құны 48 млн теңгеден асатын тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Контрабанданы анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары