$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласының өліміне қатысты іс тоқтатылды

2024 жылдың наурыз айында Бақыт Ибрагим өлі күйінде табылған

Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласының өліміне қатысты іс тоқтатылды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Алматы полициясы қазақстандық кәсіпкер, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың күйеу баласы Бақыт Ибрагимнің қайтыс болуына байланысты бұрын қозғалған қылмыстық істің тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың наурыз айында Бақыт Ибрагим өлі күйінде табылған. Ол бұрын сотталған және бір ай бұрын босатылған. Бұл факт бойынша полиция өз-өзіне қол жұмсау туралы қылмыстық іс қозғады.

«Алмалы ауданының полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы, 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша СДТБТ-да тіркелген қылмыстық іс шеңберінде сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Тергеу іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша іс жүргізу ҚР ҚПК-нің 35-бабының, 1-бөлігінің, 2-тармағының негізінде тоқтатылды (іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар)», - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.

Бұл шешімді Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы бекітті, деп толықтырды полиция.

Qazaq Banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим 2020 жылы Bank RBK-дан 144 миллиард теңге ұрлау ісі бойынша сотталған. 2024 жылдың ақпанында ол босатылды.

Қазан айының басында Бақыт Ибрагимовтың бұрынғы жұбайынан пәтер алынатыны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары