31.10.2024, 09:55
Жаңалықтар
Қостанай облысында ауа райына байланысты жол жабылды
Ауа райына байланысты көліктің кез келген түрінің жүруіне шектеу қойылды
Фото: depositphotos.com
«ҚазАвтоЖол» республикалық тасжолдардағы жол қозғалысына қатысты жағдайды мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауа райына байланысты облыста үш ірі тасжол толықтай жабылды.
«Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 8-216 шақырымында (Тобыл қ. - Октябрь ауылы учаскесі), «Екатеринбург-Алматы» автожолының 463-539 шақырымында (Қостанай қ. - Федоровка ауылы учаскесі) және «Екатеринбург-Алматы» автожолының 589-683 шақырымы (Щербакова ауылы-Сарыкөл ауылы учаскесі) аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды