«Изменаның» отаны – Алматы»: блогер көрген жағдайлар өзін қатты таң қалдырғанын айтты
Ол Алматыда жүргенде әйелінің көзіне шөп салатын еркектерді көргенін айтты
Instagram желісінде ментор, жетекші деген мамандығын белгілеген блогер Динара Абдоллақызы Алматы қаласындағы отбасылар туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Блогер өз сөзінде қоғамдық тамақтану орындарында көрген жағдайлар өзін қатты таң қалдырғанын айтты.
«Изменаның» отаны – Алматы. Мысалы, мен Қызылордада жүрген кезде мектепте жұмыс істедім. Ол кезде «любовница», «лево, направо» қыдыратын еркектерді көрген жоқпын. Ондай ортада болмадым. Ал Алматыға келіп, тамақтану орындарында жұмыс істедім. Еркектерге қарайсың ғой, сымбатты екен, үйленбеген сияқты деп жүретінмін. Сөйтсем, бір күні әйелімен келеді. Бала-шағасы бар, Динара тоқтат өзіңді деп жүре беретінмін.
Екінші келгенде уже «любовницасымен» жүреді. Сол кезде мен таңқалдым. Алматының жігіттері әйелдеріне «изменять» ете ме!? Әйеліне қарасам, әдемі. Бірақ жап-жас, фигурасы 90-60-90 қыздармен келеді. Мен шок болдым. Мә, мыналар әдемі қыздармен жүре ме, бала-шағасы бар емес пе», - деп блогер таңданысын жасыра алмады.