Ақтөбеде мектеп бухгалтері 238 млн теңге жымқырған: ол небәрі 6 жылға сотталды

Azattyq Rýhy

Бұл қаражат 2019-2024 жылдар аралығында мектеп қажеттіліктеріне бөлінген

Ақтөбеде мектеп бухгалтері 238 млн теңге жымқырған: ол небәрі 6 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысында №48 жалпы білім беретін мектептің бухгалтері 238 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Есепші 2019-2024 жылдар аралығында мектеп қажеттіліктеріне бөлінген қаражатты қызмет бабын пайдалана отырып иемденгені белгілі болды.

Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, қос демалыс беру арқылы жүзеге асырылған.

«Есепші Г.-ның іс-әрекеті ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сараланды.

Арнайы прокурорлармен қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.

24.10.2024ж. сотпен есепші Г. кінәлі деп танылып, 7 жылға материалдық жауапкершілік лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырды», - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.