30.10.2024, 23:37
Жаңалықтар
«Танымал блогердің көлігін сұрап алған»: Алматы облысында қауіпті трюк жасаған жігіт мерт болды
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады
Фото: depositphotos.com
Алматы облысында блогердің көлігін алып, қауіпті трюк жасаған жас жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облыстық ПД мәліметінше, 29 қазан күні Ақсай ауылындағы «Сокол» автодромының аумағында бейнеролик үшін трюк орындау кезінде 22 жастағы жас жігіт 45 жастағы жүргізуші басқарған көліктің астына түскен.
«Нәтижесінде жәбірленуші аудандық ауруханаға жатқызылды, онда 30 қазан күні есін жимастан жан тапсырды. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.
Қайтыс болған жігіт трюк жасау үшін танымал блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігін сұрап алған.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды