31.10.2024, 00:30
Жаңалықтар
Әйелдер күресінен әлем чемпионаты: Жәмила Бақбергенова күміс медаль еншіледі
Финалда спортшымыз жапониялық Ами Ишимен белдесті
Фото: olympic.kz
Тиранада (Албания) әйелдер күресінен әлем чемпионатында 72 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Финалда Жәмила Бақбергенова жапониялық Ами Ишимен белдесті.
Бірінші кезеңде Ами Иши 2:0 есебімен алда тұрды. Екінші кезеңде Жәмила 4:2 есебімен алға шықты. Өкінішке қарай, отандасымыз сол басымдылықты ұстап тұра алмады. Қорытынды есеп – 6:8.
Осылайша, Жәмила Бақбергенова тағы бір күміс медаль еншіледі.
Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова осыған дейін әлем біріншілігінде екі күміс, бір қола медаль алған.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)