30.10.2024, 12:56
Жаңалықтар
Қант жеткізіп беремін деп 30 млн теңге алған: ШҚО тұрғындарын алдаған күдікті ұсталды
Сот күдіктіні үй қамағына алды
Фото: istockphoto.com
ШҚО-да жергілікті тұрғындарды қант жеткізіп беремін деп сан соқтырып кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияға ШҚО-ның 19 тұрғыны арызбен жүгінген. Оларға әйел адам қант жеткізіп беретінін айтып, қомақты ақша алып кеткен. Ол 30 млн теңгені қалтасына салғаннан кейін хабарсыз кеткен.
«Тәртіп сақшылары алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы әйелді ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Сот күдіктіге үй қамағы түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасын қабылдады», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады