ШҚО-да жер үйлердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 16 мыңнан астам фактісі анықталды
Осы уақытқа дейін пеш жағып отырған 57 мыңнан астам үйге бақылау жүргізді
ШҚО-да жер үйлердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 16 мыңнан астам фактісі анықталды. Оның ішіндегі 7 мыңнан астам бұзушылық пеш жағуға қатысты. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ШҚО ТЖД қызметкерлері жылыту маусымы басталғалы тұрғын үй секторын жиі аралап, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеруде. Осы уақытқа дейін пеш жағып отырған 57 мыңнан астам үйге бақылау жүргізді.
«Үйлерді аралау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 16 мыңнан астам фактісі анықталды. Оның ішінде 7145-і пешке байланысты, 6311-і электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға қатысты, ал 2987-і басқа бұзушылықтар. ТЖД қызметкерлерінің ұсынымдарымен тұрғындар 13090 бұзушылықты сол жерде жойды», - делінген ТЖД хабарламасында.