27.10.2024, 18:51
Жаңалықтар
Тель-Авивтің солтүстігіндегі теракттан 35-тен астам адам зардап шекті
Зардап шеккендердің көбі зейнеткерлер екені белгілі болды
Фото: Reuters
Тель-Авивтің солтүстігінде, «Глилот» әскери базасының жанында болған теракт нәтижесінде кем дегенде 35 адам жарақат алды. Олардың алтауының жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Жүк көлігі автобус аялдамасына соғылған кезде автобус жолаушыларды түсіру үшін тоқтап тұрған.
Жүк көлігінің жүргізушісін оқиға орнында азаматтардың бірі атып өлтірді. Зардап шеккендердің көбі автобуспен мұражайға баруға келген зейнеткерлер екені белгілі болды.
«Глилот» базасында Израильдің барлау қызметі «Моссадтың» штаб-пәтері мен Израиль Қорғаныс армиясының бірнеше барлау бөлімшелері, соның ішінде радиотехникалық «8200 бөлімі» орналасқан.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды