Бір апта бұрын жоғалып кеткен: Ақмола облысында 16 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
Қыздың мүгедектігі бар екені хабарланды
Ақмола облысында 16 жастағы Дильназ Сәрсенованы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қыз 19 қазан күні таңертең үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
Оның анасы 21 қазанда Қосшы қаласының полиция бөліміне хабарласып, қызының жоғалғаны туралы өтініш жасаған.
Полиция қыздың бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп, кейін қайтып келгенін анықтады. Сонымен қатар, Дильназдың мүгедектігі бар екені де хабарланды.
Алғашында қыздың әкесі өз бетімен іздеу жұмыстарын жүргізген, бірақ нәтиже болмаған соң, ата-анасы құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған.
Полиция қызметкерлері тұрғындардан жасөспірім Дильназды іздеуге көмек көрсетуін сұрады. Қыздың жасын және оның мүгедектігін ескере отырып, іс құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында тұр.