26.10.2024, 11:40
Жаңалықтар
2 млрд теңге шығын: Киік мүйізін шетелге әкетпек болғандар ұсталды
Оқиға Жетісу облысындағы «Қорғас» аумағында болған
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті елден киік мүйіздерін заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Комитеттің мәліметінше, бұл іс полицияға тапсырылды. Оқиға 17 қазан күні Жетісу облысындағы «Қорғас» аумағында болған.
«ҰҚК Шекара қызметі департаменті аймақтық полиция және ҰҚК бөлімшелерімен бірлесіп, 991 дана киік мүйізін елден шығару әрекетін тоқтатты», — деп жазылған хабарламада.
Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметіне сәйкес, қылмыстық әрекеттен келген шығын 2 миллиард теңгеден асады.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді