«Астана» мен «Челси» арасындағы матч қайда өтетіні белгілі болды
Ойын 12 желтоқсанда болады
«Астана» футбол клубы Конференция лигасының жалпы кезеңінің 5-турында Англияның «Челси» командасымен кездеседі. Бұл матчтың Алматыда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың sport12.kz сайтына берген мәліметі бойынша, ойын 12 желтоқсанда Алматы қаласында өтеді. Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионының жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
Қазақстандық «Астана» клубы Конференция лигасында алғашқы жеңісін сербиялық «ТСЦ Бачка-Топола» командасынан (1:0) басталды, бірақ одан кейін валийлік «Нью-Сейнтс» командасынан (0:2) жеңіліп қалды. Келесі ойынды «Астана» 7 қарашада Кипрде «Пафос» клубына қарсы өткізеді.