$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде бір күнде үш бірдей мопедті көлік қағып кетті

Бүгін Семей көшелерінің бірінде тағы бір мопед жүргізушісін көлік қағып кетті

Семейде бір күнде үш бірдей мопедті көлік қағып кетті
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Семейде кеше бір күннің ішінде үш бірдей мопедті көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Семей көшелерінің бірінде тағы бір мопед жүргізушісін көлік қағып кетті.

Абай облысының ПД мәліметі бойынша, бұрылу кезінде Chevrolet Cobalt жүргізушісі мопедисті соғып кетті. Соқтығысу салдарынан 17 жастағы мопед жүргізушісі жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Кеше Семейде осындай үш оқиға болған.

«Семейде алаңдатарлық үрдіс байқалады. Мопедтердің қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолда ерекше мұқият болуға шақырады. Басқа көлік құралдарына жол берудің маңыздылығын есте ұстаған жөн», - деді полиция жүргізушілеріне.

Серіктес жаңалықтары