Қазақстан мен Вьетнам сотталған адамдарды қайтаруы мүмкін

Azattyq Rýhy

Құжаттың мақсаты – екі мемлекет арасындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайту

Қазақстан мен Вьетнам сотталған адамдарды қайтаруы мүмкін
Фото: istockphoto.com

Сенатта Қазақстан мен Вьетнамның сотталған адамдарды қайтаруы туралы заң талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары отырыс өткізді. Онда Қазақстан мен Вьетнамның ынтымақтастығы туралы заң талқыланды.

«Құжаттың мақсаты – екі мемлекет арасындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайту және сотталған адамдарды қоғамға қайта кіруі үшін өз елінде жазасын өтеуге жәрдемдесу болып саналады.

«Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң сотталғандарды беру шарттары мен тәртібін регламенттейді, онда сотталғандардан немесе оның заңды өкілінен жазбаша келісім алу талабы маңызды мәселе болып саналады», - делінген хабарламада.

Сенаторлардың айтуынша, шарт ратификацияланғанда екі елдің сотталған адамдарды беру мәселелері бойынша құқықтық ынтымақтастығының тиімділігі арта түседі және екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.