22.10.2024, 11:23
Жаңалықтар
«Анам үшін соңына дейін баратын адаммын»: Сметов «мамасының баласы» дейтіндерге жауап берді
Олимпиада чемпионы өз сөзінде анасын құрметтеу мәселесін ерекше қозғап өтті
Фото: Olympic.kz
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Қарағандыда өткен жиындардың бірінде өзін «мамасының баласы» дейтіндерге жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олимпиада чемпионы өз сөзінде анасын құрметтеу мәселесін ерекше қозғап өтті.
«Қазаққа мәлім деген ер-азаматтардың артында әйелдер тұрады. Батыры болсын, ғалымы болсын солай. Анасының дұғасының арқасында жетістікке жетеді. Кім не десін, о десін, анам үшін соңына дейін баратын адаммын. Әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын. Қанша жерден әлемді мойындатып, дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпион болсам да, анамнан асып кете алмаймын. Анамды құрметтегеннен жаман болған кезім жоқ», – дейді спортшы.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 13:54
Оралда адам өмірін құтқару үшін жол ережесін бұзған жүргізуші айыппұл төлемейтін болды