22.10.2024, 10:04
Жаңалықтар
Қорғаныс министрлігі 1500 грант ұсынған: тегін оқуға 18 мыңдай сарбаз үміткер болды
Сарбаздардың үлгерімі мен тәртібі бойынша нәтижелері «Срочники 2.0» ақпараттық жүйесіне енгізілген

Қорғаныс министрлігі ұсынған 1500 грантқа 18 мыңдай сарбаз үміткер болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бір жарым мың орынға 2023 жылғы күзде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің 17 927 сарбазы үміткер болды. Конкурсқа қатысқандар саны:
- Қорғаныс министрлігінен – 8 169;
- Ұлттық ұланнан – 6 441;
- Төтенше жағдайлар министрлігінен – 315;
- Шекара қызметінен – 2 715;
- Мемлекеттік күзет қызметінен – 287 сарбаз.
«Күштік құрылымдар әскери бөлімдері сарбаздарының қызметтің барлық кезеңіндегі үлгерімі мен тәртібі бойынша нәтижелері енгізілген «Срочники 2.0» ақпараттық жүйесі іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етті», - делінген ведомсто хабарламасында.
Білім беру жеңілдіктеріне ие болған әскери қызметшілердің толық тізімін мына сілтеме бойынша көруге болады.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
25.08.2025, 09:45
Жуырда олигархқа тұрмысқа шыққан Динара Сәтжан Астанада зәулім үй салдырып жатыр (ВИДЕО)
25.08.2025, 12:51
«Шығын 60-70 млн болды»: Майғазиевтер тойда неше теңге жиналғанын әлі санап жатыр (ВИДЕО)
25.08.2025, 14:42
Мейрамбек Бесбаевтың жастық шағында Тарканның әнін орындаған сәті жұртты күлдірді (ВИДЕО)
25.08.2025, 23:51
Тұрсын мен Баян тойға жиналғандарға тосынсый жасады (ВИДЕО)
26.08.2025, 12:50
Qaitadan көркем фильмі 4 қыркүйекте көрерменге жол тартады
Редактордың таңдауы
26.08.2025, 13:50
Астанада бес бала адасып кеткен: бұған Ұлттық ұланның қандай қатысы бар