ҚТЖ филиалында «Өлі жандарды» жұмысқа орналастыру фактісі анықталды

Azattyq Rýhy

Тергеу барысында 21 млн теңге шығын дәлелденді

ҚТЖ филиалында «Өлі жандарды» жұмысқа орналастыру фактісі анықталды
Фото: rail-news.kz

ҚТЖ ревизорлық  комиссиясы ішкі тексерулер барысында «ҚТЖ»ҰК» АҚ – «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалында қызметкерлердің формальды еңбек қызметінің (өлі жандар) фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілді.

Осы фактіге қатысты Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізді.  Тергеу барысында 21 млн теңге шығын дәлелденді.

«Филиал басшысының тапсырмасы бойынша формальды жұмыспен қамтылған адамдар жеке тұрғын үй құрылысына қатысқаны анықталды. ҚТЖ жәбірленуші тарап деп танылды. Қазіргі уақытта іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралуда. ҚТЖ тергеуге толық көмек көрсетеді», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.