18.10.2024, 17:53
Жаңалықтар
Астанада бойжеткен 24-қабаттан секіріп кетті
Оқиғаға байланысты Полиция департаменті түсініктеме ️берді
Фото: t.me/Криминальный Казахстан
Елордада 22 жастағы бойжеткен «Highvill Astana» тұрғын үй кешенінің 24-қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиғаға байланысты Полиция департаменті түсініктеме ️берді.
«18 қазан күні сағат 13:23-те Алматы аудандық полиция басқармасына кіреберістің жанынан қыз баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция келгеннен кейін көз жұмған 22 жастағы адамның жеке басы анықталды. Болжам бойынша, марқұм тұрғын үйдің 24-қабатынан секіріп кеткен. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Астана ПД.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты