$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Аяғынан тартып сүйреген»: Шымкентте балабақша тәрбиешісіне қатысты іс тоқтатылды

Оған сотталушы мен жәбірленушінің татуласуы себеп

«Аяғынан тартып сүйреген»: Шымкентте балабақша тәрбиешісіне қатысты іс тоқтатылды
Фото: istockphoto.com

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарарлық соты балабақша тәрбиешісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тәрбиешінің балаға қатыгездік танытқан әрекеті балабақшадағы бейнекамераларға түсіп қалған. 

Сотта белгілі болғандай, айыпталушы тәрбиеші ретінде жұмысын жасап жүріп, тобындағы кәмелет жасына толмаған жәбірленуші Б.-ға екі рет ұйықтау қажеттігін ескерткен. Алайда жәбірленуші Б. сотталушыны тындамаған, содан, сотталушы жәбірленушіні қолынан ұстап, жұлқылаған, әрі қарай жәбірленушіні аяғынан тартып, сүйреген, нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірмейтін жарақаттар салған.

«Әйелдің бұл әрекетіне қатысты айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту не қамаққа алу жазасы көзделген. Алайда прокурор сотталушы мен жәбірленуші татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Сотталушы өзінің кінәсін мойындап, шынайы өкініш білдіріп, жәбірленушінің заңды өкілінен кешірім сұрап, онымен татуласып, оған келтірген материалдық және моральдық залалды толық өтеуіне байланысты, сот ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық істі тоқтатып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатты»,- делінген сот хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары