$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адам жүздеген адам серуендейтін саябақта өлі күйінде табылды

Павлодарлықтың жоғалғаны туралы полицияға арыз осы жылдың 5 қыркүйегінде түскен

Павлодарда бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адам жүздеген адам серуендейтін саябақта өлі күйінде табылды
Фото: istockphoto.com

Павлодарда жұмысынан шығып, жоғалып кеткен ер адам бір айдан астам уақыт өткеннен кейін өлі күйінде табылды. Бұл туралы Павлодарда VITA іздеу тобының волонтерлері әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іздеу тобының айтуынша, 26 жастағы Александр Фоминнің денесі қала тұрғындары күн сайын серуендейтін Усольск шағын ауданындағы тоғайдың жанынан табылды.

«Күн сайын мұнда жүздеген адам серуендейді, мотоциклшілер келеді, жақында тіпті жарыстар өтті. Оны көргендер болған. Жағдайдың осылай аяқталғаны өте өкінішті... Біз оны ұзақ уақыт таба алмадық, түрлі нұсқаларды қарастырдық, соңғы кездері ол менің және біздің жігіттердің түсіне де кірді, өкінішке қарай, ол тірі емес екен. Біз жоспарланған шаршы аумаққа қайтадан іздеуге шықтық. Топтарға бөлініп, орман алқабын аралап жүргенімізде, мен бір дақты байқадым, онда қандай да бір жолақтар бар, лампас сияқты, бірақ Александрда ондай болмаған еді. Жақынырақ барып қарағанда, оның өзі болып шықты», – деді Павлодар қаласының VITA іздеушілер қоғамының жетекшісі Екатерина Кудрявцева.

Павлодар облысы полициясы департаментінің баспасөз қызметі ер адамның өлі табылғанын растады.

«Бұл факт бойынша полиция алдын ала тергеу жүргізіп жатыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, павлодарлықтың жоғалғаны туралы полицияға арыз осы жылдың 5 қыркүйегінде түскен. Арызды Александрдың анасы жазған. Ол полицияға ұлын 1 қыркүйектен бастап байланысқа шықпай қалғанын айтты. Ерекше атап өту керек, сол күні жас жігіт кешке өзі жұмыс істеген көлік жөндеу орталығынан шығып, жоғалып кеткен. Оны полиция қызметкерлерімен бірге кинологтар, волонтерлер және қайырымды павлодарлықтар іздеді.

Серіктес жаңалықтары