13.10.2024, 11:24
Жаңалықтар
Астанада өткен түнде 140-тан астам жол апаты тіркелді
Зардап шеккендер де бар
Фото: istockphoto.com
Астанада кеше алғашқы қар жауып, түнде көктайғақ орнады. Қолайсыз ауа райынан өткен 140 жол апаты тіркелді. Зардап шеккендер бар. Бұл туралы Azattyq Rýhy полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Көктайғақ болуына байланысты 12 қазанда елордада 118 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам зардап шекті. 13 қазанда түнгі 00:00-ден 08:00-ге дейін 28 жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты қатаң сақтауға, жеке көліктерді жол бойында қалдырмауға, сондай-ақ ережелерді сақтауға шақырады.
Астана тұрғындарына ұзақ сапарға көлікпен жолға шықпауға кеңес берілді.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты