12.10.2024, 20:48
Жаңалықтар
Елорда маңына қатынайтын бірқатар автобустың қозғалысы уақытша тоқтатылды
Бұған ауа райының нашарлауы себеп болған
Фото: cts.gov.kz
Астанада ауа-райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын бірқатар автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«№ 59, 315, 316, 317, 327, 329 қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы ауа-райының нашарлауына байланысты уақытша тоқтатылды. Аталған нөмірлі автобус бағдарларынан басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның 14 облысында ескерту жариялады.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды