Қар, көктайғақ, үсік: елдің 14 облысында ескерту жарияланды
Кей өңірлерде ауа райына байланысты жолдар жабылады
«Қазгидромет» РМК ертең, 13 қазанда еліміздің 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Шымкент қаласында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қаласында жолдарда көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астанада түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Көкшетауда жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталықта төтенше өрт қауіпі сақталады.
Оралда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында бұрқасың күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қөқтайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағандыда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Жезқазғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Таразда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.