Қырық гектар жер өртенді: тілсіз жаудан екі өрт сөндіруші мен ерікті зардап шекті
Оқиға орнына өртке қарсы құралымдар дереу жіберілді

Қарағанды облысы Қарақаралы ауданы Қоянды ауылының маңында құрғақ шөп өртеніп, екі өрт сөндіруші зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт орнына орман шаруашылығының, ТЖД күштері мен құралдары және ерікті өртке қарсы құралымдар дереу жіберілді.
«Шақыру орнына келген кезде алдын ала 40 гектар алқапта жану байқалды. Өртті сөндіру барысында өңірдің ТЖД екі қызметкері және ерікті өртке қарсы құралымның бір қызметкері күйік алды. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді, онда дәрігерлер оларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағында өрттен зардап шеккен тағы бір тұрғынды Қарағанды қаласының ауруханасына жеткізді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жеңіл күйік алған», – делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің Azattyq Rýhy тілшісіне берген жауабында.