06.10.2024, 18:51
Жаңалықтар
«Ән айтып тұрғанымда жағым шығып кетті»: танымал актриса басынан өткен оқиға туралы айтты
Ол оқыс жағдай сахнада ән айтып тұрғанында болғанын айтты
Фото: Instagram/fariza_yeskermes
Танымал актриса Фариза Ескермес Taboo бағдарламасына берген сұхбатында басынан өткен жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол сахнада ән айтып тұрып, жағы шығып кеткенін айтты.
«Джейранда» жүргенде мынадай бір жағдай болды. Өзімнің жағым кішкентай. Бірде ән айтып тұрғанда жағым шығып кетті. Сахнада тұрып, аузымды жаба алмай қалдым. Аузым ашық тұр, бірақ ән айта алмаймын. Оны Алтынай көріп, байқап тұрды. Ол ары қарай айтып, құтқарып қалды. Артынан сахнаның артына барып, уқалап, бірдеңе істедік. Бір ай бойы сол жақпен біртүрлі болып жүрдім», - деп еске алды Фариза Ескермес.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды